Елордадағы Ж.Тархан көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталды. Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатыр.
Осыған байланысты 8-20 маусым аралығында А.Жұбанов көшесінен бастап Асан Қайғы көшесіне дейінгі учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.