Жаһан құқық үстемдігіне негізделеді дегенге сенемін. Бұдан басқа балама жол көріп тұрған жоқпын. Халықаралық құқық дегенге басқа елдердің тәуелсіздігін құрметтеу де жатады. Аумақтың қауіпсіздігі және келіссөз талқылау үшін қажет. Бұл – әлемдік бейбітшіліктің бір белгісі. Біз әрқашан ашық диалогті қолдауымыз керек. Жаудың өзімен диалог құрылуға тиіс. Диалог – халықаралық құқықтардың негізі.
Мұның бәрі БҰҰ шеңберінде келіскен қағидаттар бойынша жүзеге асуға тиіс. Бұл – Еуроодақтың көзқарасы емес, менің жеке азаматтық пікірім. Санкциялар туралы да айтылып жатыр. Мен өзімнің шынайы ойымды айтқым келеді. Еуроодақта жұмыс істеп жүрген кезде Ресей мен Қырым мәселесі талқыға түсті. Содан бастап Еуроодақтың Қауіпсіздік кеңес мүшелері Ресейге санкция салу мәселесін көтерді. Алайда мен санкциялардың тиімді болатынына сенбеймін. Егер санкциялар сондай әсерлі болса, Солтүстік Корея мен Иран Ислам Республикасы ядролық қарудан бас тартатын еді.
Соғыс, агрессия жақсы нәрсе емес, бірақ санкция да жақсы емес. Оның салмағы экономикаға түседі. Мысалы, Еуропаның бір елі агрессор болса, басқа бейбіт елдерге оның салқыны тиіп, зардап шегеді. Мәселен, бұрын Ресей Еуропаға тасымалдайтын газдың үлес салмағы 60% еді, қазір нөл. Бұл қарапайым халық үшін өте қиын жағдай. Бұл ретте Қазақстан туралы да айтуға болады. Еуропа мен Қазақстан арасындағы сауда-сатықтың үлесі 40% болса, қазір бұл төмендеп кетті. Сондықтан қазіргі санкциялар Қазақстан үшін әділетсіз. Біз де бұл салдарды сезінеміз. Қарап тұрсаңыз бұл санкцияға Еуропа мен Қазақстаның кінәсі жоқ. Сондықтан халықаралық диалогті күшейтуіміз қажет.
Жозе Мануэль Баррозу,
Еуропалық комиссияның
бұрынғы президенті және
Goldman Sachs International атқарушы төрағасы