Өнер • 12 Маусым, 2023

Қалдықтан құрақ құраған

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Егер жазушы оқырманын, суретші көрерменін селт еткізіп, ой салмаса – ол туынды өміршең бола ала ма? Ендеше, оқырман осы жолы қоғамның көкейкесті мәселелерін суретімен сөйлететін Сәуле Сүлейменованың полиэтилен, целлофан пакеттерден жасалған «Шыңжаңды тазалау», «Қандастар туралы дастан» сериясына қалың қағазға балауызбен басылған «I love you», «Sunset Workers», «Kazakh cancan», «Green Bus», «Barakholka» сериясындағы «Bazar Busstop-1» туындыларына зер салып көріңізші.

Қалдықтан құрақ құраған

Өзіндік мәнері бар автор қазіргі таңда сұранысқа ие суретшілердің қатарында. Сәу­ленің туындылары Sharjah Art Foundation, Alain Servais кол­лекциясы, Еуразиялық Мәде­ни Альянс, Ә.Қастеев өнер мұ­ражайы сынды галереяларда тұр.

сми

Суретші шығармашылы­ғын­дағы осынау әдіске қоғам­ның Табиғат-Анаға деген көз­қарасы түрткі болған. «Қайбір жылдары Астана мен Алматы арасында пойызбен жиі сапар­ладым. Жазық даламен әрі-бері өткенде қызғалдақтар жайқалған мез­гілді көргім келетін. Алай­да оның орнына пластик шөлмектер мен пакеттердің шашылып жатқанына ішім ашитын. Да­ла – біздің рәмізіміз, ел мақ­танышы, тіпті барлық жер­де пластик қоқыс жайрап жатса да, бәріміз осы дархан даламызбен мақтанамыз. Цел­лофан қалталар жер-көкте ұшып жүр, өсіп тұрған шөптер мен ағаштарға жабысып, жер-жерде шашылып жатады. Бір қызығы, олар еріп, жоқ болып та кетпейді. Міне, бұл – ке­зең­нің дерті», дейді Сәуле Сү­лей­менова.

авп

Суретшіні толқытқан осын­­дай ішкі толғаныстар үні өне­ріне ауысқан.

«Целлофан пакеттерді қа­лай пайдалануға болатынын ойластыра бастағанда, оның ештеңеге де жабыспайтынын байқадым. Ол тек жоғары температурада ерітілгенде ғана екінші пластикке жабыса­ды екен. Сондықтан маған желім пистолет пен полигаль (қа­лың мөлдір пластикалық па­рақ­тар) қолдануға тура келді. Бір жағынан, ол қоқыс, бір­ақ оның мүлдем жоқ болып кетпейтініне зер салсақ, плас­тикті қымбат металл немесе мұнай өнімі, алтынмен пара-пар деп қарауға да болады. Пакет­тердің мөлдірінен бастап, ақ, түрлі-түсті кемпірқосақ сынды, тіпті қара түске дейінгі бар­лық түсті табуға болады. Сол секілді, ондағы жарнама мә­тінінде, бренд атауында және басқа да сыртында ба­сылған ақпараттарда жазыл­ған сөздерде неше түрлі ой, пайым бар. Мұның бәрі тура біздің өміріміз секілді, қилы-қилы, ащы да тәтті, күл­кілі де қорқынышты, әдемі әрі сұрықсыз», дейді суретші.

чми

С.Сүлейменованың Ас­танада өткен «Milestone» атты жеке көрмесін ұйымдастырған тәуелсіз арт-кеңесші Владислав Слудский: «Суретші 1993 жыл­дардағы жағдай, натюрморт, гүл, жеке оқиғадан бастайды да, аруақ, Астана-лайн, ур­ба­низация, өткеніміз бен бола­шағымыз арқылы саяси, әлеу­меттік мәселелерге ойысады. Оның «Жұмысшылар» деген картинасын алып қараңызшы. Негізі мұндай тақырыпқа көп суретші бара бермейді. «Аруақ­тар» деген картинасын да жекелеген адамдар мен саясаттың ортасындағы көпір деп есеп­теймін. Суретшінің сая­си та­қырыптағы туындыларын кө­рермен жылы қабылдайды. Бір қуаныштысы, Сүлейменова халықаралық деңгейде де жо­ғары бағаланып жүр. Дәл қазір оның туындылары Дюнкерк қаласындағы FRAC Grand Large – Hauts-de-France мұражайында тынымал суретшілердің еңбе­гімен қатар тұр», дейді.

 

АЛМАТЫ