Тағайындау • 14 Маусым, 2023

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

1953 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бұйрығымен Бородулиха ауданының әкімі болып Айдар Маратұлы Ибраев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

Өңір басшысының облыс өкілдерімен кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды. Ауданның жаңа әкімін Нұрлан Ұранхаев таныстырды. Сондай-ақ  ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырды.

Айдар Маратұлы 1979 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мемлекеттік қызметте және мәдениет саласында жұмыс тәжірибесі бар.

2004 жылы ШҚО әкімі аппаратында түрлі қызметтерді атқарған. Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының меңгерушісі, Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.

2022 жылдың қазан айында Абай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.