Қоғам • 14 Маусым, 2023

Тәрбиешілердің жалақысы өседі

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020-2023 жылдары тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. 2023 жылғы 1 қыркүйек­тен бастап тағы 30 пайызға өседі. Осылайша, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есе артады.

Тәрбиешілердің жалақысы өседі

– Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жүзеге асырылатын педагогтердің жала­қысын жыл сайын арттыру бастамасы оң нәтиже берді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақса­тында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізу үстінде. Мектепке дейін­гі, орта, техникалық және кәсіп­тік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды, – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен маман­дығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 кол­леджде жүзеге асырыла­ды. Колледждер өңірлік ерекше­лік­терді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бір­ге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарла­маларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады.