Спорт • 16 Маусым, 2023

Анна Данилина Ноттингем турнирінің жартылай финалына өтті

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина Ноттингем турнирінің жартылай финалына өтті

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен қытайлық Сюй Ифань ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе - америкалық Сабрина Сантамариямен шеберлік сынасты.

Қазақстандық-қытайлық жұп 5:7, 7:6 (12:10), 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Анна Данилина мен Сюй Ифань финалға шығу үшін норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен бақ сынасады.