Елорда • 20 Маусым, 2023

Елордадағы Кенен ескерткіші

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда төрінде халық ақыны, жырау, әнші және композитор­ Кенен Әзірбаевтың құрметіне мүсіні орнатылып, ашылу сал­та­­­на­ты өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері Мыр­­з­а­тай Жолдасбеков, қаламгер, академик Уәлихан Қа­ли­­­­жа­­­­н­­ұлы, ақынның ұлы Бақытжан Кененұлы мен қызы Төрт­­кен Кенен­қызы, сондай-ақ астаналық өнерсүйер қауым қа­тысты.

Елордадағы Кенен ескерткіші

Дала дарынының ескерткіш-бюстін Мырзатай Жолдасбеков пен Төрткен Кененқызы таныстырып, лентасын қиды. Сонымен қатар жиын барысында А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің директоры Нүркен Әшіров ақынға арнап шығарған «Көкшолақ» күйін орындаса, танымал жас талант Ержан Максим ком­по­зитордың «Шырқа даусым» атты әнін орындады.

Іс-шарада жазушы, академик Уәлихан Қалижанұлы сөйлеп, ақынның телегей мұрасының маңызы жөнінде айтып өтті.

Кенен Әзірбаев – қазақ өне­­­ріндегі сал-серілік және айтыс­кер­лік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Дастан жанрын жастайынан жырлаған. Қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы. 150-дей ән толғап, әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды.

– Мүсінге кіріспес бұ­рын­­ Кенен Әзірбаевтың шы­ғар­­машылығын жан-жақты жи­нақ­тап, тереңірек танысуға мүм­кіндік алдым. Әндерін тың­дап, өлеңдерін оқыдым. Ес­керткіштің биіктігі – 3,2 метр­,­ ал ені 70 сантиметр. Қажырлы жұмыстың арқасында атамыздың мүсінін жасауға екі ай уақыт жұмсадым, – деді мүсінші Ринат Әбенов.