Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Өрт электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталмауынан болған.
«ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз. Объектілерде ақаусыз алғашқы өрт сөндіру құралдары және ақаусыз автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Нысан қызметкерлері қауіпсіздік нұсқамаларынан өтуі және өрт кезінде жылдам әрекет ете білуі тиіс», делінген хабарламада.