Оқиға • 22 Маусым, 2023

Шемонаихада газ баллондары жарылып, екі адам зардап шекті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Шемонаихада газ баллондары жарылып, екі адам зардап шекті

Төтенше жайғдайлар министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, жарылыс салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына өрт төндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жалын сағат 14:44-те оқшауланды. 

«Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Өрт сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі мен 12 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.