Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлімдемесінде, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы Владимир Седов бала жасынан спортқа адал болды.
2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі салмақта Владимир Седов төртінші орынға ие болды.
Сонымен қатар жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
«ҚР ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Жолдасымыздың қазасына байланысты қайғыға ортақпыз. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына 5 млн теңге көлемінде көмек береді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуге қажетті қолдау көрсетеді.
Соңғы жылдардағы қайғылы оқиғалар спортшылардың үлкен спортпен қош айтысқаннан кейін қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Федерация спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын жасап, жұртшылыққа ұсынатын болады. Соның аясында көмекке мұқтаж ауыр атлеттерге қолдау көрсетіледі. Атлеттер мен бапкерлерді қолдау үшін федерация биыл тартылған демеушілік қаржы есебінен 10 млн теңге бөлетін болады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан төрт дүркін ел чемпионы Владимир Седов 27 маусым күні 35 жасында өмірден өтті.