Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау кезеңі аяқталды.
2023-2024 жылдарға құжат қабылдау 3 сәуірден бастап 29 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйеге барлығы 1410 адам тіркелді, 890 адам конкурсқа жіберілді, олардың ішінде 855-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін конкурсқа түседі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдармалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:
«Мемлекеттік саясат» – 295;
«Өңірлік даму» – 221;
«Адами ресурстарды басқару» – 134;
«Экономика» – 104;
«Мемлекеттік басқару» – 63;
«Халықаралық қатынастар» – 11.
Докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:
«Экономика» – 3;
«Халықаралық қатынастар» – 5;
«Мемлекеттік басқару» – 19 үміткер.
Академияда оқуға құжат тапсырғандардың басым бөлігі – жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер.
Жергілікті атқарушы органдар – 452;
Орталық мемлекеттік органдар – 213;
ОМО аумақтық бөлімшелері – 175;
Жергілікті өкілді органдар – 15.
Қабылдау комиссиясының шешімімен гранттар келесідей бөлінді:
Магистратура бағдарламалары бойынша:
«Мемлекеттік саясат» – 35;
«Өңірлік даму» – 26;
«Адами ресурстарды басқару» – 16;
«Экономика» – 15;
«Мемлекеттік басқару» – 21;
«Халықаралық қатынастар» – 7.
Докторантура бағдарламалары бойынша:
«Экономика» – 1;
«Халықаралық қатынастар» – 2;
«Мемлекеттік басқару» – 9.
Конкурстық іріктеу докторантураға үш кезеңнен, ал магистратураға екі кезеңнен тұрады:
- «Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы» 5-14 шілде (тек докторантураға құжатты тапсырғандар үшін);
- «Аналитикалық эссе» жазу кезеңі 5-14 шілде;
- «Сұхбаттасу» 17-31 шілде аралығында жүргізіледі.
Оқуға алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі 7 тамызда жарияланады. Үміткер, оқуға жіберген мемлекеттік орган және Академия арасындағы үш жақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 тамызда оқуға қабылданғандардың қорытынды тізімі бұйрықпен бекітіледі.