Ауа райы • 09 Шілде, 2023

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады», деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.