Бұйрық бойынша 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге ең төменгі бөлшек сауда бағалары:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтар, күшті алкогольді ішімдіктер - литрі 1980 теңге мөлшерінде;
- коньяк пен бренди - литріне 2930 теңгеден.
Бұл баға қазіргі бағадан ерекшеленбейтінін ескеру қажет. Алайда 2023 жылдың 1 қазанынан бастап ең төменгі бөлшек бағалар төмендегідей болады:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтар, күшті алкогольді ішімдіктер - литрі 2100 теңге мөлшерінде;
- коньяк пен бренди - литріне 3110 теңгеден.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.