Экономика • 13 Шілде, 2023

Доллар арзандады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 442–446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар арзандады

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442–446 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 443,5 – 445,5 теңге аралығында құбылып тұр.

11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп, 440,87 теңге болған.

Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 440,55 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,90 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,87 - 4,97 теңгеден сатылуда.