Спорт • 17 Шілде, 2023

Қайдасың, «Астана»?

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция тасжолдарында өтіп жатқан велоспорттан «Тур де Франс» Гранд-турының 15-кезеңі мәресіне жетті.

Қайдасың, «Астана»?

Францияның таулы және курортты аймағы саналатын Ле Же және Сен-Жерве-ле-Бен қалаларын жалғаған 15-кезеңде нидер­ландтық Ваут Пулс («Bahrain-Victorious») жеңіске жетті. 179 шақырымға созыл­ған таулы кезеңді ол 4 сағат 40 минут 45 секундта жүріп өтті. Пулстан екі минуттан аса уақытқа қалып қойған бельгия­лық Ваут ван Арт («Jumbo-Visma») екінші, франциялық Матье Бургодо («TotalEnergies») үшінші орынға ие болды. Ал «Астана» өкілдерінен Алексей Луценко мен Ха­рольд Техада мәреге 32 және 33-болып жетті.

Жалпы есепте «Тур де Франстың» был­тырғы жеңімпазы даниялық Йонас Вин­гегаард («Jumbo-Visma») көш бастап тұр. Оны осы жарыстың 2020 және 2021 жыл­дардағы үздігі словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates») өкшелеп келеді. «Астана» сапынан ең үздік нәтиже колум­биялық Харольд Техадаға тиесілі. Ол 28-орынға жайғасқан.