Теннис • 19 Шілде, 2023

Президент кубогіне қатысады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 шілде мен 6 тамыз аралығында елордадағы «Beeline arena» спорт кешенінде теннистен Президент кубогі аясындағы «ATP Challenger Tour» және «ITF World Tennis Tour» турнирлері өтеді.

Президент кубогіне қатысады

Биылғы Президент кубогінде ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғаса, әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар өнер көрсетеді. 2007 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған Президент кубогі жарысында қазіргі кезде әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (7), Карен Хачанов (11), Себастьян Корда (28), Роман Сафиуллин (43), Миомир Кецманович (44), Макс Перселл (71) және тағы басқа да спортшылар өнер көрсеткен.

Президент кубогі жарысында әр жылдары Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шыққан-ды.