Жергілікті «Takvim» басылымының мәліметі бойынша, Ыстанбұл ұжымы отандасымыз үшін Мәскеу клубына 6 млн еуро және өтемақы ретінде қосымша бонус ұсынған. Дегенмен ЦСКА басшылығы өз клубының көшбасшы футболшыларының бірі саналған Зайнутдиновті Түркия командасына жібергісі келмей отыр. Бақтияр мен ЦСКА арасындағы келісімшарт мерзімі 2025 жылы аяқталады.
2020 жылы мәскеулік ұжымның қатарына қосылған жерлесіміз үш жылдың ішінде футболдан Ресей чемпионатының күміс жүлдесі мен Ресей кубогін жеңіп алған. Айта кетейік, Түркия футболының жаңа заңы бойынша Қазақстан футболшылары Анадолы елінде легионер болып есептелмейді.