Қоғам • 19 Шілде, 2023

Алматы полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түнде «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Бостандық ауданының қобалжыған тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды

Көмекке бірінші болып «Буран-143» патрульдік экипажы барды. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алып, төменге секіремін деп қорқытқан.

Сонымен қатар қолында пышақ та болған.

«Оның қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз», деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде ашуға булығып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.