Атап айтар болсақ, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Мажарстанның бас шаһары – Будапешттегі WTA 250 Hungarian Grand Prix жарысының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 295-орында тұрған украиналық Катерина Володькомен шеберлік байқасты. Осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз кездесудің басты фавориті болса да, алғашқы партияда Володьконың қарқынына төтеп бере алмады – 6:1.
Дегенмен екінші сетте Путинцева ойын тізгінін қолына алып, 6:2 есебімен таразы басын теңестірді. Ал шешуші, үшінші партияда да жерлесіміз мықтылық танытып, 6:1 есебімен кездесуді өз пайдасын аяқтады. Юлия Путинцева кеше кешкісін ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы америкалық Клэр Льюмен ойнады.
Ал Швециядағы ATP 250 Nordea Open додасының жұптық жарысына қатысып жатқан Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге турнирдің екінші кезеңіне шықты. Олар жүлде қоры 630,7 мың еуроны құрайтын доданың бастапқы бәсекесінде швециялықтар – Лео Борг пен Симон Фройнды екі сетте тізе бүктірді – 6:1, 6:4.