Спорт • 20 Шілде, 2023

Алтынды «атып» алды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Алтынды «атып» алды

2005 жылғы Азия чемпионы және 2006 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, бүгінде жаттықтырушы болып еңбек етіп жүрген Рашид Юнусметовтің шәкірті Ни­ки­та Чирюкин Кореядағы бәсекеде кіші калиб­рлі тапаншамен 25 метрден оқ ату бағ­дарламасында өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыздан ке­йін­гі жарыстың жүлделі орындарын қытай­лық Чжан Чжихао (күміс) мен жарыс қожа­йыны Сук Джин Хонг (қола) иеленді. Бұл – Чханвон қаласында өтіп жатқан чем­пионаттағы Қазақстан құрамасының ал­ғаш­қы жүлдесі. Осы көрсеткішпен жерлес­теріміз жалпыкомандалық есепте 9-орынға көтерілді.

Оңтүстік Кореядағы әлем біріншілігіне жер-жаһанның 45 мемлекетінен келген 600 спортшы түрлі түсті жүлделерді сарапқа салып жатыр. Әлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады.