Спорт • 20 Шілде, 2023

«Астана» әлі көрінбейді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Испанияның Бильбао қаласы­нан бастау алған велоспорттан «Тур де Франс» Гранд-туры өз мәресіне таяп қалды.

«Астана» әлі көрінбейді

Әйгілі веложарыстың 16-кезеңінде спортшылар жекелей сында бақ сынады. Сена өзенінің оң жағалауында орналасқан Пасси ­мен Комблу қалаларын жалғаған 22,4 шақы­рым жолды «Jumbo-Visma» командасының даниялық өкілі Йонас Вингегор бірінші ба­ғын­дырып, жалпы есептегі жағдайын жақсар­тып алды.

Алтыншы кезеңнен бастап Вингегорды өкшелеп келе жатқан словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates») мәреге екінші болып жеткенімен, көшбасшыдан 1 минут 38 секундқа қалып қойды. Енді жалпы есепте екі спортшының арасын 1 минут 48 секунд бөліп тұр. Бұл кезеңде бельгиялық Ваут ван Арт («Jumbo-Visma») үздік үштіктен көрінді.

Өкінішке қарай, «Астана» өкілдері әлі де үздіктер қатарынан көріне алар емес. 16-ке­зеңде отандасымыз Алексей Луценко небәрі 16-орыннан көрінді.