Ауа райы • 21 Шілде, 2023

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы - жауын-шашынсыз.

«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», дейді синоптиктер.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.