Қоғам • 24 Шілде, 2023

Астана полициясы Бейбіт Шүменовті іздеуге қатысты пікір білдірді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полициясының баспасөз қызметі бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовті іздеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана полициясы Бейбіт Шүменовті іздеуге қатысты пікір білдірді

Zakon.kz сайты хабарлағандай, Шүменов қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес мемлекетаралық іздеуге ресми жарияланған.

«18 маусымда елордалық сауда орталығында болған оқиға фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», делінген Астана ПД баспасөз қызметі хабарламасында.