South China Morning Post ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жемқор шенеунік жер мәселесін шешу мақсатында ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша алған.
Қазіргі уақытта Қытайда өлім жазасы көп жағдайда жүректі тоқтататын инъекция арқылы жүзеге асырылады, ал бұған дейін тек ату жазасы қолданылып келген. Бүгінде ату жазасы өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің белгілі бір санаты – тек кісі өлтіргендер мен есірткі сатушылар үшін ғана қолданылады.
Алайда жергілікті БАҚ 56 жастағы партия қызметкерінің қазіргі үкімі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауысуы мүмкін деп жазады. Бұл жағдайда сотталушы саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.