Қоғам • 28 Шілде, 2023

Ойықтағы ойын алаңы

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығынан 150 шақырым қашықта жатқан Ойық ауылы тұрғындары балаларға арналған ойын алаңшасы керектігін біраз уақыттан бері айтып жүрген еді. Жергілікті атқарушы билік бұл мәселені демеушілер есебінен шешті.

Ойықтағы ойын алаңы

«Samruk-Kazyna Trust» әлеу­мет­тік жобаларды қолдау қоры, «Qazaq­gaz» өндіру және барлау ЖШС демеушілігімен ауылдағы орталық саябақ қайта жаңғыртылып, баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы салынып, халық игілігіне берілді.

«Соңғы деректерге сүйенсек, Та­лас ауданы халқының 40,9 пайызы тұрақты түрде бұқаралық спортпен шұғылдана бастады. Бұл, әрине, көңіл қуантарлық нәтиже екені даусыз. Ауыл балаларының спортпен айналысуы үшін жергілікті атқарушы билік қолұшын созып отыр. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Ойық ауылының тұрғындары спорт алаңы керектігін бұ­рын­нан айтып жүр­ген. Бүгін, міне, демеушілік есебі­нен олар­дың тілегі орындалып отыр», дейді Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков.

Жаңадан салынған спорт ала­ңында балалардың баскетбол, волейбол секілді спорт түрлерімен емін-еркін айналысуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Аудан әкімінің айтуынша, алаңды салу барысында жергілікті атқарушы билік ауыл жастарын ғана емес, жалпы тұрғындардың жағдайын жасауға айрықша ден қойған. Нәтижесінде жайлы орындықтар орналастырылып, елді мекен тұрғындарының алаңсыз серуендеуі үшін жайлы аймақ қарастырылыпты.