Әлем • 28 Шілде, 2023

Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып ән шырқады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал актер әрі каскадёр Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін шырқады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып ән шырқады

«Бұл әнді түрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен әлі ешкім естімеген. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін», деді Джеки Чан желіде тараған видеода.

Рр

Айта кетсек, бұл бейнежазба қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, сонда өнер көрсеткен еді. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.