Ауа райы • 01 Тамыз, 2023

Ертең 42 градусқа дейін ыстық болады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер сәрсенбіге, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең 42 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады», делінген хабарламада.

  • Сондай-ақ синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+...42°С дейін өте қатты ыстық болатынын болжады;
  • Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35...+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі. 

Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі келесі өңірлерде тіркеліп отыр:

  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында.
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19