Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Орман да қамқорлыққа зәру

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры сирек тоғайлы ормандарды жандандыру бағытындағы жобасы аясында климаттық өзгерістер, қалдықтар, су және табиғат сияқты төрт негізгі бағытқа көзделген экологиялық жауапкершілік стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып келеді.

Орман да қамқорлыққа зәру

Табиғатты қорғау қызметі аясында Дүниежүзілік жаба­йы та­биғат қоры (WWF) стра­тегиялық әріптестікте жойы­лып бара жат­қан ормандарды қалпына кел­тіру үшін Naturella брендімен бір­лесіп «Орман күзетшісі» жо­ба­сын іске асырған болатын. Атал­ған компания түскен қа­ра­­жаттың бір бөлігін «Іле-Бал­қаш» мемлекеттік табиғи резер­ватының аумағындағы то­ғайлы ормандар экожүйесін қал­пына келтіруге және сақтауға бағыттап отыр.

Іле өзенінің атырабы және Оңтүстік Балқаштың сулы-бат­пақты аймақтары сирек тоғай­лы ормандармен көмкерілген. ­Жер­дің құрғап кетуі, адам­дар­дың табиғатқа селқос қа­рауынан туындайтын өрт салдары осы тоғайлы ормандар­дың жойылуына, резерваттың флорасы мен фаунасына, ауа сапасына кері әсерін тигізеді.

Жоба аясында өртенген то­ғай­лы ормандар учаскелеріне ке­шенді зерттеу жүргізу, өртке қар­сы іс-шараларды жүргізу үшін еріктілер тобын оқыту, таң­дал­ған учаскелерге көшеттер отыр­ғызу және күтім жасау жос­пар­ланған. Осы орайда «Іле-Бал­қаш» резерватының 4 гектар ор­манды алқабы қалпына кел­тірілмек.

Дүниежүзілік жабайы таби­ғат қорының орманды қалпы­­на келтіру жөніндегі жобала­ры­­ның жетекшісі Айбек Байбұ­лов ­жа­сыл желекті алқаптар­ды ­қор­ғау, оларды сақтап қалу­­дың маңы­зына тоқталды. Оның айтуынша, жасыл желекті ал­қаптарды мекендейтін жаба­йы жануарларға да қамқорлық қажет, сонымен қатар жаң­быр­дан кейін ылғал жинап, жаз кезінде табиғи су ретте­гіш­те­рі болып табылатын то­ғай­лы алқаптардың адамзат тірші-
лігі үшін маңызы зор. «Іле-Бал­қаш» резерватын қолдауға бағытталған жоба нәтижесінде отырғызылған әр көшет уақыт өткен сайын жайқалған алқапқа айналатынына сенім мол.

Дүниежүзілік жабайы таби­ғат қоры осы жобаны іске асырып, әрі қарай жалғастыру­да еріктілердің, фермерлердің, жер­гілікті тұрғындардың, яғни экологияға бейжай қарамайтын азаматтардың көмегіне сенім артады.

Орталық Азиядағы Proc­ter&­Gamble басшысы Руслан Гам­заев атап өткендей, ортақ үйі­міз ретінде аялай отырып, та­би­ғатты қорғау ұйымдарымен ын­ты­мақтастыққа және экология­ны сақтауды насихаттауға кеңінен жол ашуға тиіспіз. Қазақстан­ның орман байлығын сақтауға бағытталған кешенді жобаға қа­тысушыларының пікірінше, тоғайлы ормандарды қалпына келтіруде жаңа бағдарлама­лар­ды іске қосу да жоспарда ­бар. Бүгінде Дүниежүзілік жаба­­йы табиғат қоры (WWF) әлемнің 100-ден аса елінде табиғат қор­ғау ісімен айналысып, экологияны жақсарту, табиғат үйлесімділігіне қол жеткізу мен биологиялық алуантүрлілікті сақтауға ықпал етіп келеді.