Ауа райы • 03 Тамыз, 2023

Бүгін елдің басым бөлігінде 40 градус ыстық болады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптикердң болжауынша, 3 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін елдің басым бөлігінде 40 градус ыстық болады

Оңтүстікте – жауын-шашынсыз, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел тұрады. 

«Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі. Тіпті  Алматы облысында 40-42°С аптап ыстық болады», деп жазды «Қазгидромет» РМК. 

Сонымен қатар Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

«Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының онтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі»,  делінген «Казгидромет» таратқан мәліметте.