
Видеодан алынған кадр: t.me\akorda_resmi
«Мен кездесуге кешігіп қалдым, дәретханада болған едім. Мынау сізге сыйлық, үстелге арналған органайзер. Парта үсті үнемі мектеп заттарымен былығып жатады. Соларға алаңдап, үлгермей қаласың. Әкем екеуіміз барлық сыныпқа арналған осындай органайзердің жобасын жасадық. Оны өзім басып шығардым», деді Сәлім Көпеев.
Президент жас өнертапқыштың сыйлығын ризашылықпен қабылдап, оған сәттілік тіледі.
«Жақсы жұмыс істедің», деген Қасым-Жомарт Тоқаев оқушымен бірге естелік суретке түсті.