Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сайысқа әлемнің 100 елінен 1 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның арасында Қазақстан атынан 50 мықты мерген бар.
Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Штаттық командаларын даярлау орталығының спортшы-нұсқаушысы ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Ислам Сәтбаев ерлер арасында «10 м-ден пневматикалық мылтықтан оқ ату» жаттығуының финалында төртінші орынға ие болып, олимпиадаға лицензия алды. Бұл жаттығуда швед атқышы Виктор Линдгрен (251,3 ұпай) жеңімпаз атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 ұпай) күміс жүлдеге, чех атқышы Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен қолаға ие болды.