Қоғам • 20 Тамыз, 2023

Ресей азаматы Шарын шатқалындағы жартастан домалап кеткен

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында Ресей азаматын құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей азаматы Шарын шатқалындағы жартастан домалап кеткен

20 тамызда түнгі сағат 02:00-ден бастап Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялады.

«Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап кеткен, өздігінен көтеріле алмаған. Ол онда 19 тамыз күні сағат 18:00 шамасында Алматыдағы достарымен барған», делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.