Қоғам • 22 Тамыз, 2023

«Қазір көтере алмаймыз»: Жамаубаев 85 мың теңге жалақы туралы пікір білдірді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өткен үкімет отырысынан кейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің «85 мың теңгелік жалақыға өмір сүру қаншалықты мүмкін?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазір көтере алмаймыз»: Жамаубаев 85 мың теңге жалақы туралы пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

Министр мұндай ақшаға өмір сүру қиын екенін мойындады.
«Қиын, бірақ пікір бере алмаймын. Елдегі әлеуметтік шығындар бюджеттің 40 пайыздан астамын құрайды. Республикалық бюджетті алатын болсақ, оның 95 пайызы тікелей шығындар, жалақы, зейнетақы, жәрдемақыға бағытталады. Өз тарапымнан Қаржы министрі ретінде бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен жәрдемақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруға дайынмын. Бірақ қазір жалақыны көтере алмаймыз, ол үшін Ұлттық қорға жүгіну керек. Біз жалақы мәселесі төңірегінде ғана жұмыс істеп қоймай, инфляция деңгейімен де күресуіміз керек», деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.