Елорда • 24 Тамыз, 2023

Елордада екі көшенің қиылысы жабылады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында тұрмыстық кәріз желісінің салынуына байланысты екі көшенің қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада екі көшенің қиылысы жабылады

Фото: qov.kz

«Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, тұрмыстық кәріздің магистральдық желілерін салу жөніндегі жұмыстар басталды», делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Нақты айтқанда, «Дива» тұрғын үй кешені ауданындағы Әйтеке би көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысында көлік қозғалысы 24 тамыздан бастап 10 қазанға дейін кезең-кезеңімен шектеледі.

Тұрғындар мен қонақтарға жолдарда кептеліске тап болмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажеттігі ескертілген.