Фото: ОКҚ баспасөз қызметі
А.Ертаевтың айтуынша, Үкімет қаулысымен қандастарды, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерден ішкі мигранттарды қоныстандыруға басымдық берілетін елдің 8 өңірі айқындалған. Бұл негізінен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері.
«Биыл біз ішкі көші-қонды реттеудің жаңа тетіктерін енгізіп жатырмыз. Мәселен, солтүстік өңірлердің жергілікті атқарушы органдарында қоныс аударушыларға көмек көрсетуге, оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кеңес беруге арналған Бейімдеу және көші-қон орталықтары құрылды. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі. Бұл мигранттарға ауылдарда, моноқалаларда тұрақтап қалуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі. Сертификат мигрантқа дайын тұрғын үйді таңдауға немесе жаңасын салуға мүмкіндік береді. Сертификат тұрғын үй құнының 50%-ын жабады, бірақ сома 4 млн теңгеден аспауға тиіс», деді Көші-қон комитетінің басшысы.
Бұл орайда осы күндері 245 отбасы осындай сертификаттарға ие болған, жалпы, осы мақсаттарға биылғы жылы 10 млрд теңге бөлінген.