ANTIKOR • 25 Тамыз, 2023

Антикор әкімдіктен мін тапты

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері жөнін­де­гі салаара­лық комиссияның кезек­ті отырысы өтіп, онда облыс­та­ғы эко­­­­логия, жолаушылар тасымалы және құрылыс салалары сынға алынды.

Антикор әкімдіктен мін тапты

Атап айтқанда, экология­ мә­­се­лесінде қала тұрғын­да­­­ры­­ның ша­ғымын тудырып жүр­­­ген қала шетіндегі бұрын­ғы ет ком­бинатының аумағы­нан ке­ле­тін жағымсыз иістің себеп­тері сөз болды. Ол жер­дегі алко­голь қалдықтарын микро­био­логия­лық зерттеуге 2019 жылы облыс бюд­жетінен 23,5 млн тең­ге бө­лін­генімен, одан еш­қан­дай нә­тиже шықпаған. Сы­бай­лас жем­қорлыққа қарсы қыз­мет әкімдікке осы жерлерді топы­рақпен көміп тастауды ұсы­нып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы қызметтің сынына ұшы­­раған тағы бір мәселе – аудан­­аралық жолаушылар тасымалын субси­дия­лауға қатысты. Мо­ни­торинг барысында ауданара­лық автобус рейстерінің жартысына жуығы нақты кесте бо­йынша жүрмейтіні және жолау­шылар толғаннан кейін ғана кешігіп жолға шығатыны анық­талған. Мысалы, Ақтөбе қаласы мен Байғанин ауылы арасында күн сайын екі бағытқа екі рейс қатынауы керек. Бірақ шын мәнінде, автобустардың кей күндері жүрмей қалатыны өз алдына, жүрген күннің өзін­де бір ғана рейс қатынап кел­ген. Автобустардың тозуы, яғни жолау­шылар өмірі мен денсау­лығына қауіптілігі өз алдына бөлек мәселе.

Сонымен қатар құрылыс саласы да Сы­байлас жемқорлық­қа қарсы қызметтің ауыр сыны­на ұшы­рады. Ақтөбе облысында салы­нып жатқан 75 ны­сан­ның 23-і, яғни 30 пайызы әртүрлі себеп­термен тоқтап немесе теже­ліп тұр. Соның бірі – Шалқар қаласында 2018 жылы құрылысы басталып, 2019 жылы аяқталуға тиіс болған мек­теп ғимараты. Жоба­лау қате­лік­­терінің жиынтығы, мер­ді­гер­дің жұмыс­тарды адал атқар­мауы және тапсырыс беру­ші­нің келіспеушілігі құрылыс мер­зімдерінің 5 жылдан астам уақыт­қа созылуы­на және жобаның құ­ны 900 млн теңгеден 1,3 млрд тең­геге дейін қымбаттауына әкеліп соққан.

Осы және өзге де көптеген проб­лемалар бойынша Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қыз­мет Ақтөбе облысының әкімдігіне қызметтік тек­серу жүргізуді және барлық кінәлі лауазымды адамдарды атқаратын лауазымдарынан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынды.