Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметі
«Өз өмірін құрбпн еткен Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға асыққан. Өкінішке қарай, бала аталмыш жерде су құйыны болғандықтан өзі де суға бата бастаған, алайда оған ешкім көмектесе алмады. Баланың туыстарына адам өмірін сақтап қалғаны үшін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін медаль табысталды», делінген Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілдеде Владимир Гринберг Қорғалжын ауданындағы Нұра өзеніне отбасымен бірге демалуға барған. Ол 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын байқап, бірден көмектесуге асыққан.