Спорт • 29 Тамыз, 2023

Қос жүлдеге қол жеткізді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Әзербайжанның бас ша­һары – Бакуде нысана көздеуден 53-әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Байрақты доданың кезекті жарыс күнінде жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді.

Қос жүлдеге қол жеткізді

 

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалына екі жерлесіміз – Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен финалдық сайыста Зухра отан­дасы Александрадан 6:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола жүлде украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.

Бұған дейінгі ересектер арасындағы әлем­дік додада ел спортшылары бірде-бір жүлде алмаған еді. Барлық жетістік тек жасөс­пірімдер мен жастар деңгейінде тіркелген. Ал кеше ел қоржынына бірден қос медаль түсті. Бакуде күміс жүлдеге ие болған Александра Сәдуа­қа­сова былтыр Францияда өткен жастар ара­сын­дағы әлем чемпионатында топ жарған бо­латын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар.