Егемен Қазақстан • 29 Тамыз, 2023

Шетелде білімін жетілдіреді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің Білім және ғылым бөлімінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы «The George Washington University» университетіне журналистика саласы бойынша, Саясат және құқық бөлімінің тілшісі Гүлнар Жолжан Англияға тағлымдамадан өтуге жолдама алған болатын. Міне, олар енді шетелде білімін жетілдіреді.

Шетелде білімін жетілдіреді

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Қос грант иегерін шыға­рып салу рәсімі «Ege­men Qa­zaqstan» газетінің редакциясында және Астананың 25 жылдық мерейтойына орай ашылған Жур­налистер саябағында өтті.

Бас басылымнан қанат қақ­қан журналистерді «Қазақ газет­тері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы бастаған әріп­тестері құттықтап, білім жолындағы сапарларына сәттілік тіледі әрі сый-сияпат көрсетті. Әріп­тестерінен жылы лебіз естіген Гүлнар мен Дүйсенәлі де ұжымға риза­шылықтарын білдірді.