Ғылым • 02 Қыркүйек, 2023

Агроғылымды нақты қолдау жеміс береді

309 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Жолдауда агросекторды дамытуға айрықша тоқталып, халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселенің түйінін тарқатты.

Агроғылымды нақты қолдау жеміс береді

Біріншіден, қазіргі ауыл шаруа­шылығы – жоғары техноло­гиялық сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инно­вациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Сол себепті Мемлекет басшысы бағдар бергендей, агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны іс жүзінде қол­дану үшін шаралар қабылдау қа­жет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керегін баса айтқаны біз үшін өте маңызды. Бұл мәселені шешпей, еліміздің экономикасын толыққанды дамыту күрделі болмақ. Сондықтан Президент ауыл шаруашылығын заманға сәйкес дамыту мақсатында нақты ұсыныстар, тапсырмалар берді. Бұл үшін мемлекеттік реттеу және осы салаға салықтық, басқа да же­ңілдіктер қарастырылғаны қуан­тады.

Аталған саланы дамытудың тағы бір жолы ретінде Прези­дент шетелдің танымал агро-ғылыми орта­лық­та­рымен толық­қан­ды ғылыми-тәжірибелік ын­ты­мақ­тастық орнату керегін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет бас­­шысы Жолдауда «Біз жеке ғылыми-технологиялық бас­та­маларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруа­шы­лығы талаптарына бейім­дейміз. Егін шаруашы­лы­ғында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Көбі­рек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ете­тін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергі­лік­ті тұқыммен қамтамасыз ету ма­ңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», деді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу уни­верситеті мен университет құра­мындағы тоғыз ғылыми-зерт­теу институты ғалымдарының бұл реттегі ғылыми ізденістері орасан зор. Қазіргі таңда университетіміз ауыл шаруашылығы саласының көшбасшылары Нидерланд Ко­роль­­дігіндегі Вагенинген уни­верситеті, Франциядағы Агро­па­рижтех унив­ерситеті, Швеция ауыл шар­уа­шылығы университеті, Ресей халықтар достығы және 188 халық­аралық университетпен тығыз жұмыс істейтінін атап өткім келеді.

Екіншіден, Қазақстанда су мәселесі жылдан-жылға күрде­леніп келеді. Су мәселесі – жалпы планетарлық мәселе. Еліміз бұл проблемаға қа­зірдің өзінде тап болып отыр. Бұл мәселені шешудің көптеген жолы айтылды. Ең негізгісі, су мәселесімен кешенді түрде айналысатын Су шаруашылығы және ирригация министрлігі құ­рылады. Бұл – өте дұрыс шешім.

Қорыта айтқанда, Президент Жолдауында айтылған мәселе­лер болашағымызға деген мүм­кіндігіміз бен сенімімізді нығай­тады. Ал Жолдауда айтыл­ған тапсырмалардың жүзеге асуына барлығымыз үлкен жауап­кершілікпен атсалысуымыз қа­жет.

 

Қанат ТІРЕУОВ,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық

зерттеу университетінің басқарма төрағасы-ректоры,

ҰҒА академигі