Фото: kaz.nur.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған Ерлан Нысанбаев бұған дейін осы ведомствода вице-министр болды.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылында туған. Орман шаруашылығының шебері, Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Тұзды ауылының әкімі, Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитетінің төрағасы, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, Ауылшаруашылығы вице-министрі, Экология, геология және қоршаған ортаны қорғау вице министрі, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі сынды лауазымды қызметтерді атқарды.