Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.
Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.
Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау облысында «Жайлы мектеп» ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Мәдениет • Бүгін, 16:15
Қарағандыда балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:05
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
Қоғам • Бүгін, 15:55
Жоғарғы Сот тұрғын емес үй-жай иесінің құқығын қорғады
Оқиға • Бүгін, 15:45
Павлодарда қызметтік иттердің көмегімен 258 қылмыс ашылған
Аймақтар • Бүгін, 15:33