Хоккей • 05 Қыркүйек, 2023

Жеңіс қолда тұр еді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Ба­рысы» тұрақты біріншіліктегі екінші кездесуін Новосібірдің «Си­бирь» клубына қарсы өткізді.

Жеңіс қолда тұр еді

Биылғы маусымның тұсаукесер кезде­суінде осы командалардың екеуі де жеңілістің кермек дәмін татқан еді. «Барыс» Өфенің «Салават Юлаевынан» (2:3), ал «Сібір» Омбының «Авангардынан» (1:2) ұтылды. Бұл жолы жерлестеріміз бәсекені өте қар­қынды бастады. Матчтың 27 минутына дейін Андрей Скабелканың шәкірттері қар­сыластары қақпасын үш мәрте дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Давид Скленичка, Алекс Грант және Райли Барбер. Ал одан кейін біз «Барысты» мүлде танымай қалдық. Үзіліске дейін олар қонақтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды.

51 минутта Батырлан Мұратов астана­лықтарды алға шығарғанда бір «уһ» дедік. Бірақ көп ұзамай «Сібірдің» ойыншылары таблодағы есепті өзгертіп қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып әкетті – 4:5.