Пікір • 05 Қыркүйек, 2023

Тұрақтылықты көздеген жиын

216 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өтті. Ха­лықаралық форумның әу бастан белгіленген мақсаты – әлем­дік және дәстүрлі діндерден жалпы адамзаттық бағ­дар­лар­ды іздеу, діна­ралық сұхбатты жүзеге асыру мен келісілген шешімдерді қа­былдау мақсатында тұрақты негізде қызмет атқаратын халық­аралық институттың жұмыс істеуін қам­тамасыз ету.

Тұрақтылықты көздеген жиын

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қоғам тұрақтылығының бас­ты факторларының бірі – дін­аралық және этносаралық тату­лықты дамыту. Бұл өз кезе­гін­де ұлттық қауіпсіздіктің не­­­гізгі бөлігі. Қоғамның дамуы – кез келген азаматының көзқа­растары мен нанымдарына төзімділікпен және құр­мет­пен қарауға негіз­дел­ген. Осы­лайша, Қазақ елі ұлт­аралық және дінаралық тату­лық­тың өзіндік қайталанбас үлгісін қа­лыптастырған. Елімізде үш жыл сайын өтіп келе жатқан діндер съезі осыған дәлел. Бұл жиын бейбітшілікті, келісім мен төзімділікті адамзат өмірінің айнымас қағидаттары деп санау­ға, діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жет­­кізуге, адамдардың діни се­зім­­­дерін қақтығыстар мен әске­ри әрекеттерді өршіту мақ­са­­тында пайдалануға жол бермеуге шақырады.

Дінаралық және конфес­сия­аралық сұхбат дәстүрлерін дінаралық съезд түрінде нығайту, діндер мен мәдениеттер, өрке­ниеттер арасындағы диалогті ілгерілетуге бағытталған же­тін­ші форумның өткеніне де жыл толды. Оған ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа да дәстүрлі діндердің басшылары мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің диалог алаңдарында діни қауымдастықтардың рухани жақындасуы бойынша маз­мұн­ды және келелі әңгіме өрбіп, нәтижесінде бірлескен декларациялар мен үндеулер қабылданды.

Съезд аясында «Қазіргі әлем­дегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Білім мен діни ағартудың діндер мен мә­де­ниет­тердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі», «Діни көшбасшылар мен мемлекет қайраткерлерінің жа­һан­­дық дінаралық диалог пен бей­біт­шілікті ілгерілетуге, экс­тре­­­мизм­ге, радикализмге және тер­­роризмге қарсы іс-қимылға қос­қан үлесі», «Әйелдің қазіргі қо­ғам­ның әл-ауқаты мен тұрақ­ты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәр­­те­бесін қолдаудағы діни қоғам­дас­тықтардың рөлі» атты өзекті тақырыптар көтеріліп, ұтым­ды ұсыныстар ортаға тас­тал­­ғанына көзіқарақты оқырман куә.

Бұл ұсыныстар мен бастамалар әлемді алаңдатып отыр­ған мәселелердің шешімін та­буға өз септігін тигізбек және әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының бейбіт­ші­лікті сақтау жайлы тұжы­рым­дары жаһан тұрақты­лы­ғы­ның сақталуына өз үлесін қо­сады деп сенеміз. Осындай ма­ңы­зы жоғары іс-шараны өткізу еліміз үшін үлкен жауапкершілік және мәртебе. Еліміз дінаралық татулықтың отандық үлгі­сін халықаралық сахнада мойын­датты.

 

Мақсат РАМАНҚҰЛОВ,

Батыс Қазақстан облысы
дін істері басқармасының басшысы