Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2023

АЭС бойынша референдумға қанша қаржы жұмсалады?

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткізілетін референдумға қанша қаржы бөлінеді? Журналистердің бұл сауалына Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

АЭС бойынша референдумға қанша қаржы жұмсалады?

Фото: elements.envato.com

«Орталық сайлау комиссиясы бюджетке қатысты тиісті тапсырыс береді, дәлірек айтқанда қанша ақша керек екенін нақтылайды. Олардың есептеулерін назарға алмай нақты санды атау қисынсыз болар», деді Ерұлан Жамаубаев.

Алайда шығын мөлшері былтырғы референдумға жұмсалған қаржыдан асып түспейтіні қоса айтылды. 

«АЭС мәселесі бойынша өткізілетін референдумда басқа әдістер қолданылуы мүмкін. Шығын көп болады деп ойламаймын», деп түйіндеді министр.

Еске сала кетсек, 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге 16,4 млрд теңге бөлінген еді.