Қоғам • 07 Қыркүйек, 2023

Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне қатысты пікір білдірді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы Нұрмұхамед Байғараев жаңа қызметі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне қатысты пікір білдірді

Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Zakon.kz сайты жазды.

Нұрмұхамед Байғараевтың айтуынша, ол бұл қызметке меритократия қағидаты бойынша тағайындалған.

«Бұл жерде медиа саласындағы тәжірибе де ескерілді. Мен 2008 жылдан бері жұмыс істеп келемін, әріптестеріңіз болдым. Ал  бұл қызметте бір жыл жұмыс істедім. Осы факторлар әсер еткен шығар», деп жауап берді Нұрмұхамед Байғараев тілшілер қойған сауалға.

Еске сала кетсек, кеше, 6 қыркүйек күні Нұрмұхамед Байғараев Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін Байғараев Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болған еді