Спорт • 09 Қыркүйек, 2023

Көрсеткіш көңіл көншітпей тұр

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көрсеткіш көңіл көншітпей тұр

https://olympic.kz/

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірге елімізден барған спортшылар көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Ерлер арасында  Ерназ Алпысов 55 келіге дейінгі салмақта зілтемір көтеруге шыққан.  Қоссайыс қорытындысында 13-сатыға тұрақтады.  67 келіде  күшін сынаған  Ақмолда Сайрамкез  12-орынды місе тұтты. Қыздардың додасында  Айнұр Әбдіхалықова 49 келіде  сынға түсіп, 30-сатыға орнықты.