Спорт • 11 Қыркүйек, 2023

Көшбасшы өзгеріссіз

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Испания Вуэльтасының» 14-кезеңі Францияның таулы аймақтарында өтті. Совтер-де-Беарн мен Ларра Бе­ла­гуа коммуналары аралығы 152,6 ша­қырымды құрады.

Көшбасшы өзгеріссіз

Бұл тартыста бельгиялық Ремко Эве­непулге («Soudal – Quick Step») тең келер ешкім та­былмады. Ол мәре сызығын 4 сағат 13 ми­нут 38 секундта қиып өтті. Франциялық Ро­мен Барде («Team dsm – firmenich») басты қар­сыласынан бір минуттан аса уақыт қалып қойды. Үшінші орынды нидерландтық Лен­нерт Ван Этвельт («Lotto Dstny») иеленді. «Ас­тананың» серкесі Давид Де Ла Крус алтыншы сатыға жайғасты.

Көш басында біраз өзгеріс бар. Бұған дейін екінші және үшінші орында келе жатқан Марк Солер («UAE Team Emirates») мен Ремко Эве­непул өз орындарын словениялық Примож Роглич («Jumbo-Visma») пен даниялық Йонас Вин­гегор Расмуссенге («Jumbo-Visma») бо­сатты. Америкалық Сепп Кусс («Jumbo-Visma») әлі де алдына жан салар емес. Ол бас­ты бәсе­келесінен 1 минут 37 секунд озып тұр. Ал Давид Де Ла Крус бір сатыға жоғарылап, қайта 11-орынға көтерілді.