Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2023

«Алашта Кенекеме ер жетпейді!»

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отаршыл империяға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбас­шысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші шежірелі Меркі жерінде бой көтерді. «Алашта Кенекеме ер жетпейді!» деп ақын Мағжан жырлағандай, қазақ тарихында өшпес із қалдырған тау тұлға ескерткішінің ашылу салтанатына жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Алашта Кенекеме ер жетпейді!»

Іс-шараның Мұхтар Әуе­зов­тің «Хан Кене» тарихи тра­гедиялық қойылымымен ашы­луында да зор мән жатса керек. Ал актерлік ансамбль өз кезегінде Кенесары хан дәуі­ріндегі тарихи еркіндікті аңсаған қазақ халқының ұлттық психологиясын көрсетуге күш салды. Кейіпкерлер арқылы дәуір шындығын айна-қатесіз көрерменге жеткізді.

Ескерткіштің ашылу сал­та­натына қатысқан облыс әкі­мдігі аппаратының басшысы Мәди Мәтен, Меркі аудан­дық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Байсейіт Жылысбаев, еңбек ардагері Рахметілдә Рах­манбердиев бас­таған мәртебелі меймандар сөз алып, Кенесарының қазақтың арғы-бергі тарихында үлкен рөл­ге ие хан болғанын, ұлт-азат­тық қозғалыс кезінде қазақ жауын­герлерінің рухын ояту үшін бар күшін сарқа жұмсаған көш­басшы болғанын тілге ти­ек етті.

вап

Демеушілер есебінен бой көтерген ескерт­кіштің биіктігі – 10 метр. Мүсін­ші Те­мірхан Көл­жігіттің ай­туын­ша, ескерт­­кіште ел үшін еңіре­ген ер бей­несін жасауда көп тари­хи дерекке назар аударыпты.

«Кене ханның тұсында,

Қарт бурадай жарадық.

Жауды жасқап жапырып,

Жауған қардай борадық.

«Абылайлап» ат қойып,

Дұшпанның алдын орадық»,

деп келетін Нысанбай ақынның жоқтауы аңызға айналған хан­ның бейне­сін дөп ашқандай.

Тарихи тұлғаға арналған тастұғыр «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» күрежолының бо­йында қасқайып тұр. Жұрт­шылық пікірінше, туындыда Есіл бо­йын­дағы Кенесары бейне­сімен сәтті кескіндік ұқ­сас­тық та бай­қа­лады. Ес­керт­кішке көз салған кез келген адам азат­тық жолында айқасқан көк­жал Кененің, біртуар ханның жүзіндегі айбарды ай­қын сезеді.

 

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы