«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бұл күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
«12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және көктайғақ болады деп күтіледі», деді синоптиктер.
Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15 градустан 12-17 градусқа дейін, орталықта 10-23 градустан 12-23 градусқа дейін жылы болады, батыста ауа температурасы күндіз 18-25 градус, оңтүстікте 22-30 градус, республиканың оңтүстік-шығысында 18-27 градус, таулы аймақтарда аймақтарда 7-12 градус жылы болады.